Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > жаңалықтар > Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК директоры Әбішев Ғалымжан Мотайұлының бастамасымен, гуманитарлық-экономикалық пәндер оқытушыларының ұйымдастыруымен оқытушылар арасында Президент Қ.-Ж.К. Тоқаевтың 2021 жылдың 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы ұжым арасында  13 қыркүйек күні жиналыс өтіп, әріптестер өз ой-пікірлерімен  бөлісті.

«Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдаулары жақын арада ғана емес, болашақта да міндеттер қою тұрғысынан әрқашан маңызды және қызықты. Жолдаудың әлеуметтік-экономикалық блогында ең бастысы – барлық мемлекеттік жүйенің қарапайым азаматтарға бағытталуы, олардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын жақсарту», – деп атап өтті баяндамашы Х.Маханова.

Жиналыс барлық санитарлық нормаларды сақтау ережелеріне сәйкес жүргізілді.