Отбасы күні

Елімізде 2013 жылдан бастап  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығына сәйкес, қыркүйек айының екінші жексенбісі – Отбасы күні аталып келеді.

Колледж директоры Ғ. Әбішев көп балалы аналарға, «Алтын алқа» иегерлері Б.Тұрбекова мен К. Тайлібаева, «Күміс алқа» иесі Г. Әбдіқадірова мен  жас отбасы мүшесі Г.Абдуллаеваларға гүл шоқтарымен құрмет көрсетіп, Алғыс хатпен марапаттады.

Ғалымжан Мотайұлы бұл мерекенің Отанымыз үшін маңызы айрықша екенін атап өтіп, марапат иелеріне және олардың отбасыларына зор денсаулық, амандық, бақ-береке, ырыс-ынтымақ, еңбекте табыс тіледі.