Шымкент қаласының ДСБ
ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК

Хабарландыру

Құрметті талапкер

 

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру  бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығына өзгеріс енгізуіне (03.07.2025 жылғы № 153 бұйрық) сәйкес;

 

Колледждің қабылдау комиссиясы азаматардан оқуға түсуге өтініш қабылдауды жүзеге асырады:

 

  • мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін жалпы орта білім негізінде – ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 маусымнан 10 тамыз аралығында;
  • ақылы негізде – 25 маусымнан 27 тамыз аралығында.

 

 

Медициналық мамандықтарға оқуға түсетін талапкерлер бейінді пән бойынша емтихан тапсырады және психометриялық тестілеуден өтеді.

Бейінді пән – биология – келесі мамандықтар үшін бекітілген:

 

  • 09120100 «Емдеу ісі» 4S09120101 «Фельдшер» біліктілігімен;
  • 09130200 «Акушерлік іс» 4S09130201 «Акушер» біліктілігімен;
  • 09130100 «Мейіргер ісі» 4S09130103 «Жалпы практикадағы мейіргер» біліктілігімен
  • 09130100 «Мейіргер ісі» «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігімен ;
  • 09130100 «Мейіргер ісі» 3W09130102 «Массажист» біліктілігімен;
  • 09110100 «Стоматология» 4S09110102 «Дантист» біліктілігімен ;
  • 09140100 «Лабораториялық диагностика» 4S09140101 «Медициналық зертханашы» біліктілігімен;

 

Бейінді пән – химия – келесі мамандық үшін бекітілген:

 

  • 09160100 «Фармация» 4S09160101 «Фармацевт» біліктілігімен.