Шымкент қаласының ДСБ
ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК

«Химия-биология — медицинаның теориялық негізі»

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > «Химия-биология — медицинаның теориялық негізі»
2025 жылдың 21-25 сәуірі аралығында колледждің 95 жылдығына орай
«Химия – биология және дене тәрбиесі» циклі бойынша әдістемелік апталық
өткізілді.
Апталықтың ашылуы циклдік әдістемелік бірлестік оқытушылары
әзірлеген пәндік материалдар көрмесімен басталды. Колледж оқытушылары
мен білім алушылар үшін «Химия – биология және дене тәрбиесі» циклында
оқытылатын пәндер бойынша әртүрлі қызықты сұрақтар
қойылып,
сұрақтарға дұрыс жауап берген білім алушылар мен колледж
қызметкерлеріне сыйлықтар берілді.
Келесі күні Шымкент қаласындағы «Қалалық көпбейінді аурухана мен
онкологиялық орталық» МКК басшысының орынбасары Д.Ж.Жұмағалидың
қатысуымен «Онкологиялық аурулар және олардың алдын алу шаралары»
тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде ол онкологиялық
аурулардың алдын алу және симптомдары туралы ақпарат берді.
Апталықтың қорытындысы бойынша колледж білім алушыларына салауатты
өмір салтын ұстану және уақытылы скринингтен өту жөнінде ұсыныстар
берілді.
24 сәуірде «Фармация» мамандығының 1-курс білім алушылары
арасында «Тәжірибе – таным көзі» тақырыбында шеберлік сабағы өткізілді.
Шеберлік сабағында білім алушылар дәрілік заттардың химиялық
қасиеттерін тәжірибелер арқылы көрсетті, олардың химиялық формуласын
және реакцияларын жазып, фармацевтикалық тәжірибедегі маңызын
түсіндірді.
Апталық аясында колледж оқытушылары мен қызметкерлері үшін
сергіту жаттығулары ұйымдастырылды.
Апталықтың кульминациясы колледж оқытушылары мен қызметкерлері
арасында өткізілген сайыстар болды. Сайыстар шахмат, дойбы, арқан тартыс
және үстел теннисі ойындарынан тұрды.
Сайыстардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар колледждің кәсіподақ
ұйымы атынан сыйлықтармен және оқу орны директорының дипломдарымен
марапатталды.