«Химия және биология» пәндері циклдік әдістемелік бірлестігінің оқытушылары 2022 жылғы 05-09 желтоқсан аралығында апталығы өткізілді

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > жаңалықтар > «Химия және биология» пәндері циклдік әдістемелік бірлестігінің оқытушылары 2022 жылғы 05-09 желтоқсан аралығында апталығы өткізілді

2022 жылғы 05 желтоқсан күні Рәзия Шәкенқызы Ысқақованың туғанына 100 жыл толуына орай, биология пәнінің оқытушылары А.Имамадиева және Ж.Битемирова әдеби кеш өткізді.
Әдеби кеште білім алушылар Р.Ш.Ысқақованың өмірбаяны мен ерліктері жайлы ақпараттар берді.
Колледж әдіскері М.Жұмашев Разия Шәкенқызының ерлігі мен еңбек жолы туралы әңгімелерін айту арқылы білім алушыларды өз ісінің білікті мамандары болуға шақырды.
Әдеби кеш колледж әнұранымен аяқталды.
06 желтоқсан күні оқытушы Ш.Избасарова «Қызықты химия» тақырыбында мастер-класс өткізді.
Мастер-класс барысында білім алушылар дәрілік препараттардың химиялық қасиеттерін тәжірибе жүзінде көрсетті.
07 желтоқсан күні «Биогенді элементтердің медицинадағы маңызы» тақырыбында химия пәнінің оқытушысы Э.Карибаева конференция өткізді. Конференция барысында білім алушылар биогенді элементтердің адам өміріндегі және медицинадағы маңызы туралы баяндамалар жасап, алған теориялық білімдерін ғылыми жұмыстармен көрсетті.
08 желтоқсан күні экология пәнінің оқытушысы З.Султан «Антропогенді факторлар» тақырыбында тренинг өткізді. Тренингте экологиялық проблемалар мен оларды шешу шаралары талқыланды.
09 желтоқсан күні «Қант диабеті және оның алдын алу шаралары» тақырыбында А.Поштаева «Педиатрия» пәнінің оқытушысы А.Қоңырбекова және «Терапия» пәнінің оқытушысы З.Абдукасымованың қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.
Арнайы пән оқытушылары білім алушылардың сұрақтарына жауап бере отырып, ауруды емдеу, алдын алу шаралары мен белгілері туралы ақпараттар берді.