Шымкент жоғары медицина колледжі 1930 жылы құрылған. Осы уақыт ішінде 30 мыңнан астам орта медицина қызметкерлері даярланып, олар Шымкент қалалық және Түркістан облысының медициналық ұйымдарыңда, сондай-ақ Республикамыздың түкпір-түкпірінде, жақын және алыс шетелдерде абыроймен еңбек етуде.
Педагогикалық ұжымда 132 оқытушы дәріс беруде, олардың 45%-дан астамы жоғары және бірінші санаттағы білікті мамандар.
Колледждің білім алушылары халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық конференцияларға, олимпиядаларға, конкурстарға және мәдени-көпшілік іс-шараларға, түрлі спорттық жарыстарға, КТК ойын-сауықтарына, көркемөнерпаздар үйірмелеріне қатысып,үнемі жүлделі орындарға ие болып келеді.
Қаламыздың 30 медициналық ұйымдарымен тығыз байланыста кызметтес болып келе жаткан ШЖМК ұраны: «Шымкент жоғары медицина колледжінің білім алушыларын оқытып даярлау сапасы және орта буын медицина қызметкерлерін қайта даярлықтан өткізуді жақсарту арқылы – Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту»
Колледжде:
Конкурстың алдында медициналық мамандықтарға түсетін тұлғалар кәсіби жарамдылықты анықтау үшін психометриялық тестілеуден өтеді.
Бітірушілерге мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.
Қабылдау комиссиясы 2022 жылғы 21 маусымнан бастап жұмыс істейді.
Жұмыс уақыты: сағ 09:00-ден 17:00-ге дейін.
Құжаттар колледждің қабылдау комиссиясында және «Электрондық үкімет» (Egov) веб-порталы арқылы қабылданады. Талапкерлердің ата-анасының немесе заңды өкілінің электронды цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы қажет.