Колледжде бас мейірбикелермен кездесу өтті

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > жаңалықтар > Колледжде бас мейірбикелермен кездесу өтті

«Мейірбике ісіндегі білім, ғылым және практиканың үштұғырлығы» Жол картасын іске асыру мақсатында 2022 жылғы 30 наурызда «Денсаулық сақтау мамандарының ұлттық лигасы» РҚБ қауымдастығының төрайымы С.А. Катпенованың қатысуымен «Практикалық денсаулық сақтаудағы кеңейтілген практиканың мейірбикесінің рөлі» тақырыбында кездесу өтті (Нұр – Сұлтан қ.). Республикадағы мейіргер ісін одан әрі дамыту, «Gaudeamus» халықаралық білім беру Холдингі арқылы жоғары мейіргер білімін алу, мейіргерлерді жұмысқа орналастыру және т. б. мәселелер қаралып, талқыланды.

Кеңес жұмысына жоғары медициналық колледжінің директоры Г. М. Абишев, жоғары медициналық колледжінің орта буын медициналық қызметкерлерінің біліктілікті арттыру бөлімінің меңгерушісі, Шымкент қ. ДСБ орта буын медициналық қызметкерлері бойынша штаттан тыс бас маманы Г.У. Абдреева, Шымкент қаласының мемлекеттік және жеке меншік медициналық ұйымдарының бас, аға мейірбикелері қатысты.