Үздік дантист – 2022

2022 жылдың 30  наурыз күні стоматологиялық пәндер оқытушылары Б.Тлеппаев, Д.Шертаеваның ұйымдастыруымен колледжіміздің  «Дантист» біліктілігінің бітіруші  курс білім алушылары арасында «Үздік дантист -2022» сайысы  өтті.

Сайысымыздың мақсаты – қазіргі заман талабына сай, бәсекеге қабілетті, кәсіби біліктілігі жоғары болашақ маман иесін даярлау.

Сайыс екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде «Ауыз қуысының гигиенасы» тақырыбында әрбір сайысқа қатысушылар қысқаша баяндамаларын қорғады. Екінші кезең  бірнеше тапсырмалардан тұрды. Онда «Терапиялық стоматология» пәні бойынша блиц турнир, «Хирургиялық стоматология» пәні бойынша тістерді жұлудың әдістерін көрсету, тістерді пломбалау әдістері және соңғы тапсырма жасанды тістерді Васильев әдісі бойынша жинау.

Сайысымыздың қорытындысын тіс емханасының меңгерушісі К.Кемелхан және «Рахат-стом» клиникасының жоғары санатты дәрігер-стоматологі, ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі С.Нурманова шығарды. Сайыстың қорытындысы бойынша I орынды ДТ 19 «А» тобының білім алушысы А. Дәріхан, II орынды осы топтың білім алушысы А.Әлхан және  III орынды ДТ 19 «Б» тобының білім алушысы А.Жанбаева жеңіп алды.

Жеңімпаздар колледж директорының Мадақтамаларымен марапатталып, оларға білім алушылар кәсіподақ ұйымы атынан бағалы сыйлықтар табысталды.