«Коронавирустық инфекциядан кейінгі оңалту шараларында мейіргердің рөлі»

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > жаңалықтар > «Коронавирустық инфекциядан кейінгі оңалту шараларында мейіргердің рөлі»

29 наурыз күні І арнайы пәндер циклдік әдістемелік бірлестігінің онкүндік жоспарына сәйкес «Мейіргер ісінің негіздері» пәнінің оқытушылары                          А.Абдан және Ф.Сырлыбайдың ұйымдастыруымен «Коронавирустық инфекциядан кейінгі оңалту шараларында мейіргердің рөлі» тақырыбында «Мейіргер ісі» мамандығының 2 курс білім алушылары арасында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – білім алушыларға коронавирустық инфекция салдарынан болған ауруларға мейіргерлік күтім мен оңалту шараларын жүргізу жайында ақпарат беру.

Дөңгелек үстел барысында А.Абдан «Коронавирустық инфекциядан кейінгі оңалту шараларының ерекшелігі» тақырыбында баяндама жасады. Білім алушыларға  Ф.Сырлыбай «Коронавирустық инфекциядан  жазылғаннан кейінгі өмір» атты бейнежазбаны көруді ұсынды.

Дөңгелек үстелдің қонағы «Атамекен оңалту орталығы» ЖШС-нің         аға мейіргері Н.Назанова коронавирустық инфекциядан кейінгі оңалту шараларының тиімділігі мен мейіргерлердің оңалтудағы рөлі туралы өзекті мәселелерге тоқталып, білім алушылардың сұрақтарына жауап берді.

Дөңгелек үстелді І арнайы пәндер циклдік әдістемелік бірлестігінің төрайымы А.Орынбай қортындылап,  «Атамекен оңалту орталығы» ЖШС-нің аға мейіргері Нағима Низарматқызына оқытушылар мен білім алушылар атынан алғысын білдірді.