«Болашақ мейіргер құзыреттілігінің Даму деңгейі»

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > жаңалықтар > «Болашақ мейіргер құзыреттілігінің Даму деңгейі»

28 наурыз күні І арнайы пәндер циклдік әдістемелік бірлестігінің онкүндік жоспарына сәйкес «Мейіргер ісі» пәнінің оқытушылары К. Касимова және А.Бижанованың ұйымдастыруымен «Болашақ мейіргер құзыреттілігінің даму деңгейі» тақырыбында «Мейіргер ісі» мамандығының 3 курс білім алушылары арасында конференция өтті.

Конференция мақсаты – білім алушыларға болашақ мейіргерлердің өзін-өзі кәсіби тұрғыдан тану санасын оятып, біз денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесінің қайта құрылуының және халықаралық мейіргерлердің қоғамның тең құқылы мүшесі болатынына сенім білдіріп ақпарат беру.

Конференция барысында білім алушылар – М.Октамбоева мен Ә.Малик «Болашақ мейіргер құзыреттілігінің даму деңгейі» тақыбырыбында баяндамалар жасады. Баяндамалар білім алушылар арасында қызу талқыланды.

Конференцияны «Мейргер ісі» пәнінің оқытушысы К.Касимова қорытындылап, іс-шараға белсенді қатысқан білім алушыларға сертификаттарды табыстады.