29 қазан күні Шымкент қалалық «Көрме орталығында» «Алтын күз» күзгі бал байқауы өтті. Би – музыкалық ырғаққа сай дене қимылымен көрсететін өнер. Тұлға дене қимылы арқылы салауатты өмір салтын ұстануға бейімделеді.

Осы байқауға біздің  колледждің  білім алушылары Абдрахман Ерзат

(ДТ 21 «А» тобы) және Иманқұлова Ұлназ (АК 21 «А» тобы) қатысып, он үш би жұптарының арасында ІІІ орынды жеңіп алып, 15000 теңге көлемінде сертификатқа ие болды.

Ұйымдастырушы Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Көрме орталығы» атынан колледж білім алушылары мен ЖІЖК инспекторы Ж.Битемирова және білім алушылар кәсіподақ төрайымы С.Айткулова Алғыс хаттармен марапатталды.

Біз байқауға қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз!!!