Ақиық ақын мұқағали

1- 12 қараша аралығында  колледжімізде «Жалпы гуманитарлық және  кәсіптік пәндер» циклдік әдістемелік бірлестігінің «Модульдік оқыту технологиясы  арқылы білім алушылардың білім сапасын арттыру» атты онкүндігі өтуде.

Онкүндіктің үшінші күнінде жоспарға сай кәсіби қазақ тілі пәні оқытушылары А.Елібаева мен Қ.Сабырқұлованың жетекшілігімен қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына  арналған  «Үш бақытым» атты әдеби кеш жоғары дәрежеде өткізілді. Кешке атсалысқан I курс білім алушылары Мұқағалидың  шығармаларынан,  жыр  шумақтарын мәнеріне келтіре орындап, өмірбаяны мен шығармашылығымен таныстырды.  Ақын  жырларына  жазылған  әндер  құлақ  құрышын  қандырды.

Сахналық көріністер, бейнетаспа материалдары өз көрермендерін тапты.

Іс-шара санитарлық талаптарға сай жүргізілді.