Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Колледждің оқытушылары мен білім алушылары арасында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында ТЕД Х форматында жиналыс өткізілді. Іс-шараға ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Әлжанова Жазира Салханқызы және жас кәсіпкер, фаст-фуд тағамдарын әзірлейтін «Tokyofood_Shymkent» компаниясы мен «Қазсақ» медиа орталығының негізін қалаушысы Медина Рэй қатысты.

Жазира Салханқызы ҚР Әкімшілік және Қылмыстық кодекстерінің бірнеше баптарымен таныстырды. Ж.Әлжанова заңсыз сыйлық алу, тұрмыстық сыбайлас жемқорлық туралы түсініктеме беріп, сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттер туралы хабар берген азаматтарға сыйақы төленетіні туралы айтып өтті. Білім алушыларды білімді де білікті маман болуға шақырды.

Жас кәсіпкер Медина Рэй өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, заман талабына сай жастарды мобильді болуға, өзінің азда болса еңбек жолы туралы айтып, жастарды ынталандырды.

Кездесу барысында Жазира Салханқызы мен Медина Рэй қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берді.

Іс-шара санитарлық талаптарға сәйкес өтті.