Колледждің комплаенс офицері білім алушылармен кездесуде

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > Хабарландыру > Колледждің комплаенс офицері білім алушылармен кездесуде

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасымен квазимемлекеттік секторы субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымы бекітілген.  Комплаенс офицер – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету жөніндегі функциясы болып табылады.

Яғни, аталған әдістемелік ұсынымға сәйкес, комплаенс офицер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру іс-шараларын  жүргізуі тиіс.

Жоғары медицина колледжінің комплаенс офицері Құрбанов Ерланқожа Баққожаұлы колледж білім алушыларын комплаенс қызметі мен міндеттерін таныстырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы айтып өтті.