«Тиімді тамақтану» тақырыбында семинар

«ІІ – арнайы пәндер» циклдік әдістемелік бірлестігі  онкүндігінің екінші күні  жоспарға сәйкес «Жалпы гигиена»  пәнінің оқытушысы А.Темірбайдың ұйымдастыруымен «Тиімді тамақтану» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарда тиімді  тамақтану  және дәрумендердің ағзаға пайдасы  туралы ФЛ 19 «А» тобының білім алушылары Д.Абдуллаева және Н.Елемес баяндама оқыды.

Семинар барысында А.Темірбай газдалған сергіткіш сусындармен эксперимент жасап, адам ағзасына қандай зияндылық тигізетіні туралы түсіндірді. Эксперимент барысында осындай сусындар ағзадағы кальций мен В 6 дәрумендерін жоятындығы   дәлелденді.

Семинар соңында  тақырыпқа сәйкес «Жалғасын тап» ойыны ойнатылды.

Іс-шара санитарлық талаптарға сәйкес жүргізілді.