Шымкент қаласы білім баскармасының 2024 жылғы 20 қыркүйектегі №413 – н/қ «WorldSkills Shymkent – 2024» қалалық чемпионатын өткізу туралы» бұйрығы негізінде 2024 жылғы 23 – 27 қыркүйекте қалалық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК базасында қаланың 8 медицина колледждерінің (ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК, «ОҚМА» АҚ жанындағы МК, Орта – Азиялық ЖМК, «Авиценна атындағы ЖМК» ЖШС, «Авимед» көпсалалы колледжі, «Шымкент» медициналық колледжі, «Болашақ» жоғары колледжі, Оңтүстік Қазақстан көпсалалы колледжі) сайыскерлердің қатысуымен «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілік бойынша «WorldSkills Kazahstan-2024» ұлттық чемпионатының қалалық кезені өтті.
Чемпионатқа қатысушылар арнайы жабдықталған үш аймақта-медициналық және әлеуметтік күтім салаларында пациенттерге күтім жасау бойынша өздерінің тәжірибелік іскерліктер мен дағдыларын көрсетті:
- Стационар жағдайында дәлелді күтімді жүзеге асыру.
- Күндізгі стационар жағдайында дәлелді күтімді жүзеге асыру.
- Үй жағдайында науқасқа күтім жасау.
Сайысқа қатысушылардың жұмысын Шымкент қаласындағы 8 колледждің компатриот-сарапшылары және емханалар мен стационарлардың бас мейіргерлері қатарынан тәуелсіз сарапшылар бағалады.
«WorldSkills Shymkent-2024» қалалық кәсіби шеберлік чемпионатының қорытындысы бойынша I орынды Фарид Диана (Шымкент қ. ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК) алды, II орынды – Әшірәлі Жанерке («Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ жанындағы МК) және Абдурасулова Гулчехра («Орта – Азиялық Жоғары медициналық колледжі»), III орын – Бердәулет Фариза («Авиценна атындағы жоғары медициналық колледжі» ЖШС) және Абжат Абдуразах («Авимед» көпсалалы колледжі), медальонмен Икрамова Шахзода («Шымкент» медициналық колледжі) бағаланды.