Шымкент қаласының ДСБ
ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК

«Микробиология, гигиена-лабораториялық диагностика» пәндері циклдік әдістемелік бірлестігінің оқытушылары 2022 жылғы 14 – 18 қараша аралығында апталық өткізді

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > жаңалықтар > «Микробиология, гигиена-лабораториялық диагностика» пәндері циклдік әдістемелік бірлестігінің оқытушылары 2022 жылғы 14 – 18 қараша аралығында апталық өткізді

2022 жылғы 14-қараша күні Рәзия Шәкенқызы Ысқақованың туғанына 100 жыл толуына орай, «Мамандығым мақтанышым» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында «Лабораториялық диагностика» мамандығының бітіруші курс білім алушылары Рәзия Шәкенқызы Ысқақованың өмірбаяны мен еңбектері туралы құнды ақпараттар берді. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М.А.Султанов білім алушыларға Рәзия Шәкенқызы Ысқақованың ерлігін айта отырып, өз елінің білімді де білікті маманы болуға шақырды. Сонымен қатар, коронавирусты инфекция кезінде медицина қызметкерлерінің аурухана қабырғасындағы еңбектері туралы айтылды. ЛД 20 А тобының білім алушысы Садибек Аяш «Лаборанттың бір күні тақырыбында» эссе оқыды.

15-қараша күні  «Ақпараттық жүйедегі жас ғалым» атты «Коронавирусты жұқпаның қазіргі таңдағы өзектілгі» тақырыбында білім алушылар арасында конференция өткізді. Конференция барысында білім алушылар коронавирусты жұқпаның эпидемиологиясы, микробиологиялық, клиникалық зертханалық, биохимиялық диагностикасы және алдын алу шаралары туралы құнды ақпараттар жасады.

16-қараша күні Микробиология пәнінің оқытушылары М.Ж.Сайлауова және У.Н.Жиембекова «Арнайы пәндерді оқытуда ақпараттық технологияны енгізу арқылы білім сапасын арттыру» тақырыбында бастауыш оқытушыларға семинар өткізді. Семинар барысында ақпараттық технологияның түрлері: learningapps, iSpring, google.forms, jamboard қосымшаларында тапсырма түрлерін жасау жолдары көрсетілді.

17-қараша күні «Тұмаудың алдын алу» тақырыбында колледж білім алушыларының арасында ақпараттық насихаттау жұмыстары жүргізілді.

18-қараша күні «Лабораториялық диагностика» мамандығы, «Медициналық лаборант» біліктілігі бойынша «Үздік маман-2022» сайысы өтті. Сайыста «Қалалық диагностикалық орталығы» клиникалық диагностикалық зертхана бөлімінің  жоғары санатты дәрігер-лаборанты Г.Б.Дүйсебекова, ТО ҚДБ ШЖҚ «Облыстық клиникалық ауруханасының» клиникалық диагностикалық зертхана бөлімінің  аға лаборанты Абдураимова М.Х., ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Түркістан облысы бойынша филиалының Шымкент қалалық бөлімшесінің дәрігер- бактериологі  Кулибаева П.А. сарапшы болды. Сарапшылар сайысқа қатысушылардың тәжірибелік іс-дағдыларына оң бағасын бере отырып, ЛД 20 А тобының  білім алушысы Бердіхан  Әселді үздік деп таныды.