01.11.2022ж. – 06.12.2022ж. аралығында Қарағанды облыстық жоғары мейірбике ісі колледжінің базасында «Фармация» мамандығы ОӘБ жұмыс жоспарына сәйкес 09160100 «Фармация» мамандығы «Менеджмент және маркетинг негіздерімен фармацияны ұйымдастыру және экономикасы» пәні бойынша «Ең үздік оқу құралы» Республикалық байқау өткізілді.
Байқауға Қазақстанның алты қаласынан: Шымкент, Түркістан, Алматы, Орал, Семей, Қарағанды қалаларының оқытушылары қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша Шымкент қаласы ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» МКК фармацевтикалық пәндер оқытушысы Алматова Райхан Серікқызының жұмысы үздік деп табылып, I -дәрежелі Дипломмен марапатталды.
Райхан Серікқызын жоғары марапатымен құттықтай отырып,
шығармашылық табыс тілейміз!