Өз санаңның психологы бол!

Жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер циклдік әдістемелік бірлестігінің апталығы аясында колледж психологы Т. Оразбекқызы білім алушылармен «Өз санаңның психологы бол!» атты шеберлік сыныбын өткізді.

Шеберлік сыныптың мақсаты – қатысушыларды өзін-өзі тануға, ересектік өмірлік ұстанымына, рухани өзін-өзі жетілдіруге, адамгершілік жағдайын игеруге, ақпаратты сауатты жеткізе білуге, арнайы техника мен әдістерінің көмегімен психологиялық жарақаттардан арылуға тарту.

Шеберлік сынып барысында орта медициналық және фармацевтикалық буын қызметкерінің болашақ кәсіби қызметінде және қарапайым өмірде пайдалы сана психикасының жұмыс принциптері ұсынылды.

Сонымен қатар білім алушылармен тренинг өткізіліп, қатысушылардың жеке тұлғаның формалары мен түрлерін анықтау барысында психологиялық жағдайын белсенді бағалады. Тренингке қатысушылар психологпен бірге жаттығуларды шешу үшін шағын психологиялық құпияларды пайдаланды, олардың көмегімен қалыптасқан қиын жағдайлардан шығу, өз қорқыныштарынан арылу жолдарын табуға мәлемет алды.

Өткізілген іс-шараның басты нәтижесі өзін және өз өмірін қалай бақылау керектігін түсіну, мүмкін болатын мәселелерді тез және тиімді шешу болды.