Ардагер ұстаздармен кездесу

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Жұлдызды 30 күн» іс-шаралары жоспарына сәйкес «ІІ-арнайы пәндер» циклдік әдістемелік бірлестігі  «Менің мамандығым» тақырыбында колледжде көптеген жылдар бойы «Лабораториялық диагностика» мамандығына сабақ берген ардагер ұстаздармен кездесу өткізді. Кездесуге колледжде директордың оқу-өндірістік тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған ардагер-ұстаз Е.И.Ярославская, оқытушы қызметін атқарған Г.Д.Максутова мен Ү.С.Илақбаевалармен кездесу өткізді..

Кездесуде колледж ардагерлері өздерінің еңбек жолында атқарған қызметтері туралы айтып өтті. Көптеген жылдар бойы «Гигиена» пәнінен дәріс берген ардагер-ұстаз Ү.С.Илақбаева «Лабораториялық диагностика» мамандығы кез-келген науқасқа дұрыс диагноз қоюда үлкен рөл атқаратын, маңызды орын алатын «медицинаның жүрегі» деп атап өтті. Ардагер оқытушылар білім алушылардың сұрақтарына жауап бере отырып, оларды білікті, білімді, бәсекеге қабілетті маман болу үшін білім алуға шақырды.

Кездесу санитарлық талаптарға сәйкес өткізілді.