«Елбасы – ел тірегі!» тақырыбындағы ашық класс сағаты

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > Жаңалықтар > «Елбасы – ел тірегі!» тақырыбындағы ашық класс сағаты

Колледжде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Жұлдызды 30 күн» іс-шаралары аясында «Мейіргер ісі» бөлімінің ҚБ 20 «Б» тобымен оқытушы Байдалиева Мейрамкүл Ғалымжанқызы «Елбасы – ел тірегі» атты  ашық класс сағатын өткізді. Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туып өскен жері, өмір жолы туралы мәлімет беру; Елбасының еңбек жолын үлгі ете отырып, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу; халқына сіңірген еңбегін, жүргізген саясатын үлгі ету; ел болашағын ойлайтын, халқы үшін еңбек ететін, ұлттық санасы, құқықтық мәдениеті қалыптасқан жастарды тәрбиелеу.

Класс сағаты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнің орындалуымен басталды, Елбасы жайлы мәліметтер жазылған кітапшалар қатысушыларға таратылды. Топтың білім алушылары Тұңғыш Президентіміздің өмір жолдары мен қызмет жолы, саясаты мен реформалары, мемлекеттік саясаттан тыс ақындығы, шебер шаңғышы, альпинист болғандығымен қоса, гольф шебері ретінде Хайнань аралдарында қытай мамандарын таң қалдырғандығы жайлы қызықты мәліметтермен бөлісті.

Оқытушылар мен білім алаушылар арасында «Кім тапқыр» сайысы ұйымдастырылып, жыр-шумақтарын оқылып, белсенді қатысушыларға сыйлықтар табысталды.

Іс-шара санитарлық талаптарға сәйкес жүргізілді.