2024 жылғы 24 қыркүйекте колледжде “Отбасындағы зорлық –зомбылықсыз Қазақстан” тақырыбында кездесу өтті.
Колледждің оқытушылары мен білім алушылары қатысты.
Кездесуге «Шаңырақ» жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы» ҚБ басшысы С.Байзахова, ел анасы, «Шымкент қаласының әйелдер кеңесі» төрайымы, қала әкімінің гендерлік саясат жөніндегі комиссияның мүшесі Б.Жандосова, Шымкент ҚПД Қаратау АПБ әйелдерді зорлық- зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция лейтенанты М.Ескендирова және Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция лейтенанты Н.Төлеген жүргізді.
Кездесу барысында білім алушыларға зорлық зомбылық туралы мағлұматтар берілді.
Кездесу барысында білім алушыларға ересектер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары туралы мәліметтер мен зорлық-зомбылыққа жол бермеу бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.