Шымкент қаласының ДСБ
ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК

ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР, БІЛІМ АЛУШЫЛАР!

2024 жылдың 1 қыркүйегінде колледжде білім күніне арналған «Қош келдіңіздер, білім алушылар!» салтанатты іс-шара өтті. Биылғы оқу жылында колледж мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша таңдалған мамандықтар бойынша сапалы білім алатын 423 білім алушы қабылдады.
Колледж директоры Ғалымжан Мотаевич бірінші жыл оқитын білім алушылары мен профессор-оқытушылар құрамын жаңа оқу жылымен құттықтап, орта медициналық персоналды даярлауға қосқан үлесі үшін барлық оқытушыларға алғысын білдірді және әрбір білім алушының болашағы олардың білімі мен шеберлігіне байланысты екенін атап өтті.
Соңында білім алушыларға жемісті оқу, табыс және жарқын жаңалықтар тіледі.