Шымкент қаласының ДСБ
ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК

СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ

2024 жылғы 17 қыркүйекте колледжде  «Өмір – оны аялауға тұрарлықтай үлкен сый!» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Мақсаты – білім алушыларға өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін – өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге  тәрбиелеу, дұрыс қарым – қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру. Аталмыш тренинг колледждің бірінші жыл білім алушыларына арналып ұйымдастырылды.

Іс – шара барысында білім алушылар қойылған сұрақтарға жауап беріп, түрлі жаттығуларға белсене ат салысып, алған сезімдерімен бөлісті.

Семинарға  Шымкент қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының практик психологы М.Умирзакова  және колледж психологы мен білім алушылар қатысты.

Семинар – тренингте  сөз алған суицидтің алдын алу үшін ата – аналар, оқытушылар, психологтар  мен әлеуметтік қызметкерлер, салауатты өмір салтын қалыптастырушы мамандар, бұқаралық ақпарат құралдары бірлесе жұмыс жасау қажет екендігін айтып өтті.