Тақырыбы: « Қан жүйесінің ауруларының алдын алуы»

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > Жаңалықтар > Тақырыбы: « Қан жүйесінің ауруларының алдын алуы»

2024 жылдың 23 сәүір күні колледж оқытушыларының  У.С. Турданова мен Р.Ж. Кенешбаеваның ұйымдастырумен« Қан жүйесінің ауруларының алдын алуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелгеШымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс гематолог –дәрігері Хайдуллаева Бейсенкуль Шаяхметовна және колледждің педиатрия пәнінің оқытушысы А.Ж.Қоңырбекова, акушерия және гинекология пәнніңоқытушысы А.С. Майлыбаева және циклдік әдістемелік бірлестігінің оқытушыларының қатысуларымен өтті. 

Дөңгелек үстел барысында қан жүйесінің ауруларының өзекті мәселелеріне тоқталып, аурудың алдын алу шаралары, қан жүйесінің ауруларының заманауи диагностикалық әдістері туралы өзекті мәселелер талқыланды. Іс – шара барысында белсенді қатысқан колледждің білім алушылары қан жүйесінің ауруларының алдын алу бойынша өздерінің қызықтыратын сұрақтарына жауаптарын алды.