«Жас патолог-2024»

24-сәуір күні ІІ-курс білім алушылары арасында «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі», «Акушерлік іс» және «Лабораториялық диагностика» мамандықтары арасында «Жас патолог-2024» зияткерлік байқауы өтті.

Сайыс бес кезеңнен тұрды: топтардың өздерін таныстыруы, бейнероликтер бойынша патологиялық құбылыстарды анықтау, микропрепараттарға сипаттама беру, топбасшылар сайысы және Kahoot-әдісі бойынша тест тапсырмаларын орындау.

Байқаудың қорытындысы бойынша «Мейіргер ісі» мамандығының білім алушылары үздік деп танылып, «Жас патолог-2024» бас жүлдесін жеңіп алды.

Қалған қатысушылар «Жүйрік топ», «Қырағы көз», «Ізденімпаз топ» номинацияларымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.