Шымкент қаласының ДСБ
ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК

Тілдік пәндер цикілдік әдістемелік бірлестігінің апталығы.

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > Жаңалықтар > Тілдік пәндер цикілдік әдістемелік бірлестігінің апталығы.

2024 жылдың 07-11 қазан айының  аралығында колледжде Тілдік пәндер цикілдік әдістемелік бірлестігінің  «Тіл мәртебесі – ел мерейі» атты апталығы өткізілді.

Апталықтың ана тілінде және шет тілдерінде  құттықтаумен басталды.

2024 жылғы 08 қазан күні бірінші курс білім алушылар арасында  «Тіл тірегіміз соғып тұрған жүрегіміз» атты тақырыптық кеш өткізілді. Сондай ақ кешімізде биылғы жылдың  атақты да көрнекті жазушылардың бірі Жүсіпбек Аймауытовқа 135 жыл толуына байланысты жазушы ақынын өмірі жайлы қаламгерге арналған  көрме ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында Жүсіпбек Аймауытов шығармаларынан өлеңдер оқылып, әндер шырқалды.

2024 жылғы 09 қазан үшінші күні бірінші курс білім алушылар арасында  «Тіл мәртебесі – ел мерейі»  тақырыптық  диктант жазылды

 

2024 жылғы 10 қазан  төртінші күні  тілдік  пәндер апталығы  аясында  «Кәсіби шет тілі» пәні оқытушыларының ұйымдастыруымен 1 курс білім алушылары арасында «Welcome to the world of  Еnglish»  атты  полиглоттар  сайысы өтті.

Сайыс 4 кезеңнен тұрды, онда қатысушылар өз мамандықтары бойынша білімдерін көрсетті, ағылшын тілінде жағдаяттық тапсырмалар бойынша диалог жүргізді.

Ағылшын тілін жетік меңгерген және 1 дәрежелі диплом алған сайыстың жеңімпазы ФР 24 «Г» тобының білім алушысы И.Ахмедов болды. Сайыстың барлық қатысушыларына алғыс хаттар мен білім алушылардың кәсіподақ комитетінің сыйлықтары табыс етілді.

 

2024 жылғы 11 қазан  бесінші күні  тілдік  пәндер  апталығы  аясында  бірінші курс  білім алушылар арасында  «Үш бәйтерек – үш алып»  тақырыбында  өнегелі әдеби  кеш  өткізілді.

Сондай ақ кешімізде биылғы жылдың  атақты да көрнекті жазушылары әдебиетіміздің үш бәйтерегі атанған үлы тұлғалар – Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин – 130 жыл толуына байланысты жазушы ақындардың өмірі жайлы қаламгерге арналған  көрме ұйымдастырылды.

Жазушылардың  шығармаларынан өлеңдер оқылып, көріністер көрсетіліп, әндер шырқалды.