Тоғызқұмалақтан екіншіміз

2022 жылдың 7-26 ақпан аралығында Шымкент қаласында орналасқан колледж білім алушылары арасында «Ұлттық Колледж Лига» спорттық жарыстары өтуде.

Колледжіміздің тоғызқұмалақтан қыздар командасы жүлделі ІІ орынға ие болды. Команда мүшелері: МБ 20 «А» тобының білім алушысы Өмірзақ Аяжан,  МБ 21 «Б» тобының білім алушысы Иса Гаухар және МБ 21 «Е» тобының білім алушысы Ахмет Айдана. Жаттықтырушысы – дене тәрбие пәнінің оқытушысы Бауыржан Нуримов.

Жеңімпаздар командасын колледж директоры Ғалымжан Мотайұлы Әбішев құттықтап, марапаттады.