Ата-аналармен кездесу

2021-2022 оқу жылының оқу-тәрбие жұмыстарының жоспарына сәйкес 9 қазан күні колледж директоры Ғ.М.Әбішев биыл оқуға қабылданған білім алушылардың ата-аналарымен кездесу өткізді.

Жиналыс барысында Ғалымжан Мотайұлы  ата-аналарды колледждің ішкі тәртіп ережелерімен таныстырып, білім алушылардың болашақ орта буынды медицина қызметкерлері мамандығына ие болып, еліміздің халқына денсаулық саласында қызмет етедінгі туралы нақтылап айтып өтті. Колледждегі іс-шараларға білім алушылардың белсенді қатысуына ықпал етуге шақырды.

Кездесу санитарлық талаптардың сақталуымен өткізілді.