«ҮЗДІК ПЕДАГОГ – 2021» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > жаңалықтар > «ҮЗДІК ПЕДАГОГ – 2021» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

2 қазан күні Шымкент қаласының білім басқармасының ұйымдастыруымен «Мұғалімдер күніне» арналған «Үздік педагог – 2021» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Жеңімпаздардың бірі Шымкент қаласының «Жоғары медицина колледжі» оқытушысы Бектұрсынова Шарбану Тұрғалиқызы болды. Марапаттау рәсіміне Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысып, мұғалімдерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, конкурстың үздік мұғалімдерін марапаттады.

Жоғары медицина колледжінің ұжымы микробиология пәнінің оқытушысы Шарбану Тұрғалиқызына шығармашылық табыстар тілей отырып, «Үздік педагог» номинациясымен шын жүректен құттықтаймыз!