Бiз діни экстремизмге қарсымыз

Бүкіл әлемнің саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және рухани жағдайына ықпал етіп отырған діни экстремизм мен діни сергектік ХХІ ғасырдың өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр.

Осыған орай, ағымдағы жылдың 15 казанында Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК-де осы өзекті тақырып бойынша білім алушылармен Жастар ресурстық орталығы, «Күрең тұлпар» қоғамдық бірлестігі мен Шымкент қаласының дін істері басқармасының ұйымдастыруымен арнайы кездесу өткізілді.

Аталмыш іс-шараға Шымкент қаласы бойынша «Ақ ниет» ақпараттық- насихаттау және оңалту орталығы аймақтық өкілдігінің басшысы Оспанов Дәлелхан Қоңырбайұлы, дін істері басқармасының теолог маманы Айнабек Ерболат, Жастар ресурстық орталығының маманы Қыпшақбаев Рауан Мухитұлы  қатысты.

Кездесу барысында, діни мамандар білім алушыларға статистикалық мәліметтерге сүйене отырып, діни экстремизмнен зардап шеккен жандардың жалпы санын атап өтті. Тұғырлы мемлекетімізде қоғамға әсер етіп, қорқыныш тудыратын діни ағымдар да аз емес. Есімдері жер жарып тұрған экстремистік ұйымдардан аулақ болу, бұрыс бағыттардан өзін-өзі алшақ ұстау мәселелері жайлы сөз қозғалды.

Кездесуде колледждің білім алушылары көтерілген тақырыпқа аса қызығушылық танытты және сұрақты талдауда аса белсенділік көрсетіп, осындай іс-шаралардың тағы да болып тұруына ұсыныс жасады.