Шымкент қаласының ДСБ
ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК

«WorldSkills Kazahstan-2025» ұлттық чемпионатының «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілік бойынша қалалық кезенінің өткізу туралы

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > Жаңалықтар > «WorldSkills Kazahstan-2025» ұлттық чемпионатының «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілік бойынша қалалық кезенінің өткізу туралы

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы негізінде Шымкент қаласы білім баскармасының 2025 жылға  арналған іс-қимыл жоспарына, сәйкес және Шымкент қаласы білім баскармасының 2025 жылғы 30 сәуірдегі №249 «WorldSkills Shymkent – 2025» қалалық чемпионатын өткізу туралы» бұйрығы негізінде «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында жұмысшы мамандықтарың қоғамдағы беделін арттыру, өндіріс орындарындағы жас мамандарды, бизнес өкілдерін ынталандыру, мамандыққа қызығушылығын арттыру мақсатында «WorldSkills Kazahstan-2025» ұлттық чемпионатының қалалық кезенінің «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілік бойынша 2025 жылдың мамыр айының 19 – 23  аралығында Жоғары медицина колледжінің базасында өтті.

Қалалық кезенге Шымкент қаласының 10 медициналық колледждерінің студенттері және студенттерді дайындаған   10 сарапшы –  компатриот жетекшілері қатысты.

2025 жылдың 23 мамыр күні Жоғары медицина колледжінде Шымкент қаласының білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы А.Б. Бабашовтың қатысуымен қалалық кезенінің жабылуы салтанатты түрде өтті.

Білім басқармасы 10 сарапшы –  компатриот жетекшілерге, бас және тәуелсіз сарапшыларға сертификаттар мен Алғыс хаттар тапсырды.

Қалалық чемпионатқа қатысқаны үшін 3студентке сертификат берілді.

«Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Shymkent – 2025» қалалық чемпионатында үздік нәтиже көрсетіп, III жүлделі орынды иеленгені үшін Алибек  Мереке  Есиркепбердиқызы  («Болашақ» жоғары колледжі), Абжат Абдуразах Манатбекұлы («АВИМЕД» көпсалалы колледжі), Икрамова Шахзода Абдухалиловна («Шымкент» медициналық колледжі) және Бекжанова Мерей Қанатбекқызы («Авиценна атындағы жоғары медициналық колледжі»)  марапатталды.

II жүлделі орынды иеленгені үшін Абдурасулова Гулчехра Элчивайқызы («Орта-Азиялық Жоғары медициналық колледжі») және Байғабыл Ақмерей Бақытбекқызы (Оңтүстік Қазақстан медицина акаде миясы жанындағы медицина колледжі) марапатталды.

Қалалық чемпионатында үздік нәтиже көрсетіп, I жүлделі орынды иеленгені үшін Кенжебаев Дінмұхамед Нуржанұлы  (Шымкент қ. ДСБ  «Жоғары медицина колледжі» МКК) марапатталып, Республикалық  «Medskills» чемпионатына жолдама  алды