«WORLDSKILLS SHYMKENT-2022» аймақтық чемпионаты

Шымкент қаласы білім басқармасының 28.03.2022 ж. № 190 бұйрығына сәйкес 2022 жылдың 20-27 мамыр аралығында Шымкент қаласының ДСБ «Жоғары медицина колледжі» базасында «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills SHYMKENT-2022» аймақтық чемпионаты өтті.

Аталған чемпионаттың мақсаты-кәсіби шеберлікті жетілдіру және орта медицина қызметкері мамандығының беделін арттыру. Үздік жас маман атағы үшін Шымкент қаласының 7 медициналық колледждерінің білім алушылары бағын сынады, олар медициналық және әлеуметтік күтім салаларындағы үш арнайы жабдықталған аймақта пациенттерге күтім жасау бойынша өз дағдыларын көрсетті:

1 аймақ. Медициналық ұйым (стационар) жағдайында науқасты күту және оқыту;

2 аймақ. Күндізгі стационар жағдайында колостомасы бар науқасқа кеңес беру;

3 аймақ. Вирустық пневмониядан кейін науқасты үйде күту.

 

«WorldSkills Shymkent–2022» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатының қорытындысы бойынша «Мейіргер ісі» мамандығы «Жоғары медициналық колледжінің» білім алушысы Нарзиева Маржан I дәрежелі дипломмен марапатталды.

Чемпионаттың барлық қатысушыларына сертификаттар тапсырылды, компатриот сарапшылар Шымкент қаласы білім басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды.