«Есірткіге тәуелділік, жас-жыныстық ерекшеліктері» тақырыбындағы семинар

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > жаңалықтар > «Есірткіге тәуелділік, жас-жыныстық ерекшеліктері» тақырыбындағы семинар

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орайластырылған 2022 жылғы мамыр-маусымға арналған есірткіге қарсы профилактикалық іс-шаралар жоспары құрылған.

Жоспардың іс шараларына сәйкес «Есірткіге тәуелділік, жас-жыныстық ерекшеліктері» тақырыбында колледждің бірінші жыл білім алушыларына 7 маусым күні оқу семинары өткізілді. Семинарды  Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының  «Психикалық денсаулық орталығының» нарколог-дәрігері М.Одаман жүргізді.

Семинардың мақсаты – білім алушылардың назарын қазіргі қоғамдағы нашақорлық проблемасына аудару, оларда белсенді қарсы іс-қимылды қалыптастыру.

Семинар барысында Меруерт Сәлімбекқызы жастар арасында  есірткі пайдалануы көбейгенін, нашақорлық өлімге әкелетіні, отбасы мен қоғамға үлкен қауіп тудыратыны туралы айтып өтті. Сонымен қатар, нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Қорытындылай келе, М.Одаман білім алушылардың көптеген сұрақтарына жауап беріп, оларды салауатты өмір салтын ұстануға ынталандырды.