Қалалық мектеп бітірушілеріне кәсіби бағыт беру

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > жаңалықтар > Қалалық мектеп бітірушілеріне кәсіби бағыт беру

Шымкент қаласы білім басқармасының ұйымдастыруымен 7-8 маусым күндері қалалық мектеп бітіруші түлектеріне арналған жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының кәсіби бағыт беру жұмыстары жүргізілді.

7 маусым күні Әл-Фараби және Абай ауданында орналасқан мектеп түлектері үшін С.Королев атындағы №45 мектеп-гимназиясында, ал Еңбекші және Қаратау аудандарының мектеп түлектері үшін Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясында жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының жәрмеңкесі өткізілді.

Бұл іс-шараға колледждің кәсіби бағыт беру жұмыстарына жауаптылар қатысып, мектеп бітірушілері мен олардың ата-аналарына оқу орнымыз туралы толық ақпарат беріліп, колледж туралы буклеттер таратылды.