«Ғасырға бергісіз 30 жыл. Тұғырлы тұлғалар естеліктері»

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > жаңалықтар > «Ғасырға бергісіз 30 жыл. Тұғырлы тұлғалар естеліктері»

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының бекіткен кестесіне сай Түркістан облысы мен Шымкент қаласының медициналық ұйымдарында  30 мамыр – 9 маусым аралығында кездесулер өткізілуде. Бағдарламаның тақырыбы және мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында шыққан «Ғасырға бергісіз 30 жыл. Тұғырлы тұлғалар естеліктері» атты кітапты медицина қызметкерлерімен келешек жас мамандардың назарына жеткізу және насихаттау.

7 маусым күні колледжде оңтүстік өңірінің медицина саласындағы ардагерлермен кездесу өтті. Кездесуде м.ғ.д., профессор И.О.Байдаулет «Ерлік еңбекпен өткен 30 жыл!», м.ғ.д., профессор С.Р.Әбсеитова «Оңтүстікте кардиоорталық қалай ашылды?» және СЭС қызметі «Ардагерлер кеңесінің» төрағасы К.Б.Жұмағұлов «Қатерлі індеттерден қорғану оңай болмады!» тақырыптарға кеңінен тоқталып өтті.

Колледж ұжымы атынан кездесуге келген қонақтарға естелік сыйлықтары  мен гүл шоқтары табысталды.