«WorldSkills Shymkent-2023» жеңімпазы анықталды

2023 жылғы 18-21 сәуір аралығында  Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжінің» базасында  «Медициналық лаборант» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Shymkent – 2023» өңірлік чемпионаты өтті.

Чемпионатқа бас сарапшы ретінде ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығының» маркетинг және коммерциялық қызмет бөлімінің басшысы Б. А. Искакова қатысты.

Тәуелсіз сарапшылар ретінде  «Қалалық диагностикалық орталығы» клиникалық диагностикалық зертхана бөлімінің  жоғары санатты аға лаборанты Ж.Р.Мырзаева және «Облыстық клиникалық ауруханасының» клиникалық диагностикалық зертхана бөлімінің  аға лаборанты Р.Т.Ондасинова қатысты

Чемпионат қорытындысы бойынша колледжіміздің «Лабораториялық диагностика мамандығының» 4-курс білім алушысы Бердіхан Әсел кәсіби шеберлігін жоғары деңгейде  көрсетіп, жүлделі 1-орынды иеленді. Барлық чемпионат қатысушылары сертификаттармен  және олардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.

Бердіхан Әселді жеңісімен құттықтай отырып, зор денсаулық пен оқуда табыс тілейміз!