«WorldSkills Shymkent -2023 «»Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреті бойынша

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > жаңалықтар > «WorldSkills Shymkent -2023 «»Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреті бойынша

2023 жылғы 17-21 сәуір аралығында Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК базасында «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Shymkent -2023» өңірлік чемпионаты өтті, Шымкент қаласының 9 медицина колледжінің қатысушылары қатысты.
Чемпионатқа қатысушылар арнайы жабдықталған үш аймақта-медициналық және әлеуметтік күтім салаларында пациенттерге күтім жасау бойынша өздерінің тәжірибелік дағдыларын көрсетті:
1-аймақ. Стационар жағдайында операциядан кейінгі кезеңде пациентке күтім жасау.
2-аймақ. Күндізгі стационар жағдайында бронх демікпесі бар науқасқа кеңес беру.
3-аймақ. Үйде онкологиямен ауыратын науқастың күтімі.
Чемпионат барысында сайысқа қатысушылардың жұмысын Шымкент қаласының емханалары мен стационарларының бас мейіргерлері қатарынан компатриот-сарапшылар ғана емес, тәуелсіз сарапшылар да бағалады.
«WorldSkills Shymkent-2023» Өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатының қорытындысы бойынша I дәрежелі дипломмен «Мейіргер ісі «мамандығының жоғары медицина колледжінің конкурсанты Нарзиева Маржан марапатталды.