«Медициналық білім беруді жаңарту – халықаралық стандарттарға жол»

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > жаңалықтар > «Медициналық білім беруді жаңарту – халықаралық стандарттарға жол»

2023 жылғы 27 сәуірде Шымкент жоғары медицина колледжінде Флоренс Найтингейл медалінің иегері, колледжіміздің түлегі Рәзия Шәкенқызы Ысқақованың туылғанына 100 жыл толуына орай «Медициналық білім беруді жаңарту – халықаралық стандарттарға жол» тақырыбында оnline режимінде халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтті.

Конференцияға  Ресей Федерациясының, Саха (Якутия), Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстан республикаларының  медициналық жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары мен Шымкент қаласынының денсаулық сақтау басқармасының өкілдері қатысты.

Конференцияның басты мақсаты – шетелдік колледждер, оқу және денсаулық сақтау ұйымдарымен халықаралық байланыстарды дамыту, халықаралық тәжірибені пайдалана отырып, тиімді инновациялық оқыту технологиялары мен медициналық қызметкерлерінің жұмысын жетілдіру және іздену болып табылады.

Конференцияға қатысушылардың баяндамаларын тыңдап талқылап, денсаулық сақтау саласындағы  орта буын медицина мамандарын даярлау бойынша қолданыстағы бар тәжірибені қорытындылай келе,  медициналық білім беруді жаңарту, білім беру процесіне инновациялық технологиялар мен оқытудың халықаралық стандарттарын енгізу орта медициналық және фармацевтикалық білім беру мамандарын табысты даярлау мен қайта даярлаудың, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың кепілі болатыны туралы ортақ пікірге келді.

Конференция қорытындысында халықаралық ынтымақтастық шеңберінде оқытушылардың кәсіби шеберлігін арттыру бойынша қарар мен ұсынымдар қабылданды және қатысушыларға алғыс хаттар мен сертификаттар табысталды.