Жарайсың, Аружан!

2024 жылғы 15 наурыз  және 2 сәуір аралығында  Батыс Қазақстан жоғары медицина колледжінің ұйымдастыруымен өткен медициналық колледж студенттері арасында «Зертханалық диагностика» мамандығы бойынша республикалық студенттік бейнероликтер сайысына колледжіміздің Лабораториялық диагностика мамандығының 4-курс білім алушысы Жиембай Аружан «Микробиологиялық зерттеу техникасымен микробиология» пәні бойынша қатысып, 1-дәрежелі дипломмен марапатталды. Аружанға шығармашылық табыс және жаңа жеңістер тілейміз!