Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

2024 жылғы 2 сәуір күні Колледж білім алушыларымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында ТЕД Х форматында жиналыс өткізілді. Іс-шараға М.Әуезов атындағы ОҚУ Саясаттану кафедрасының меңгерушісі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтер Мажинбеков Сакен Аралбайұлы қатысты.

Сакен Аралбайұлы ҚР Әкімшілік және Қылмыстық кодекстерінің бірнеше баптарымен таныстырдып заңсыз сыйлық беру, тұрмыстық сыбайлас жемқорлық туралы түсініктеме берді.

Кездесу барысында Сакен Аралбайұлы білім алушылардың қойылған сұрақтарына толыққанды жауаптар берді.

 

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ» 

2024 жылғы 2 сәуір күні колледж ұжымымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің М.Әуезов атындағы ОҚУ Саясаттану кафедрасының меңгерушісі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтер Мажинбеков Сакен Аралбайұлы оқыту семинарын өткізді.

Сакен Аралбайұлы Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша кейбір баптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені туралы айтып өтті.

Қылмыстық кодекстерінің бірнеше баптарымен таныстырдып заңсыз сыйлық алу, тұрмыстық сыбайлас жемқорлық туралы түсініктеме беріп, сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттер туралы хабар берген азаматтарға сыйақы төленетіні туралы айтып өтті.