Колледжде «Үздік топ жетекші – 2024» сайысы ұйымдастырылып өткізілді.

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > Жаңалықтар > Колледжде «Үздік топ жетекші – 2024» сайысы ұйымдастырылып өткізілді.

Қазіргі қоғамдағы тәрбиенің рөлін арттыру, жалпы білім беру жүйесіндегі тәрбие үрдісін жетілдіру, тәрбие субьектілерінің құзырлығын дамыту мақсатында колледжішілік жоспарға сай  2024 жылғы  09 сәуір  күні Колледжде топ жетекшілер  арасында  «Үздік топ жетекші-2024» байқауы ұйымдастырылып өткізілді. 

Байқауға 6 топ жетекшілеріміз қатысты, олар: М.Мамыр, Ш.Сари,  Б.Серікбай,  Ғ.Сыдыгалиева, Е.Ештаев және Г.Мадиева.

Байқаудың мақсаты: Кәсіби деңгейі жоғары, шығармашыл және талантты тұлғаны анықтау, озат педагогикалық тәжірибесін анықтау, тәрбие жүйесінде инновациялық және шығармашылық идеяларын көрсету. 

 «Үздік топ жетекшісі -2024» байқауының жеңімпазы Сыдыгалиева Ғалия Әбілханқызы болып танылды.

Колледж директоры Ғ.Әбішев байқаудың жеңімпазы мен қатысқан топ жетекшілерге өзінің жылы лебізін білдіріп, Мадақтамамен, Алғыс хаттармен  және Колледждің кәсіподақ ұйымының  атынан сыйлықтармен марапатталды.