Ағымдағы жылдың 23-27 желтоқсан аралығында Анатомия – физиология пәндері циклдік әдістемелік бірлестігінің апталығы өтті. Бұл шара тек білім алушылардың білімін жетілдіру ғана емес, өзара тәжірибе алмасу, жаңа білім көкжиектерін ашу және шығармашылық әлеуметін дамыту мүмкіндігін берді.
Апталық аясында ЦӘБ оқытушыларымен әртүрлі тақырыптар бойынша қызықты іс-шаралар: «Анатомия медицина негізі» зияткерлік ойыны, «Тәні саудың‒ жаны сау» атты пікірсайыс, «Эндокрин жүйесінің аурулары » тақырыбындағы конференция мен «Қанның физикалық, химиялық қасиеттері, құрамы » тақырыбында дөңгелек үстелі ұйым-дастырылып, қызықты да, тартысты өтті. Барлығы апта бойы белсенділік танытып, білімнің шексіздігін білім алушылармен бірге зерделеді.
Аталған іс-шараларға колледжіміздің « Емдеу ісі » , « Мейіргер ісі » , « Акушерлік іс» және « Стоматология » бөлімдерінің білім алушылары белсене қатысып, қырағылықтарын көрсете білді.
Апталықтағы интеллектуалдық сайыс жастардың білімін, логикалық ойлау қабілетін және шығармашылық потенциалын сынауға арналған ерекше шара болды. Сондай – ақ бірлестік оқытушыларының шығармашылық қабілеттері арта түсті.
Сайыстың басты мақсаты – білімге құштар жастарды біріктіріп, олардың қабілеттерін дамытумен қатар, заманауи қоғамда басекеге қабілетті болуға ынталандыру. Жарыс барысында «Акушерлік іс » мамандығының білім алушылары үздік деп танылып, барлық білім алушылар колледж кәсіподақ ұйымының атынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Осындай апталықты жыл сайын өткізу колледжімізде дәстүрге айналған.