21 ақпан күні жастар ісі жөніндегі комитет және «Дебат клубының» ұйымдастыруымен «Жасанды түсік (аборт) жасатқан дұрыс па?» тақырыбында дебат ойыны өтті.
«Айтуға оңай» және «SHJMK Medical» командалары ойын барысында ұтымды ойлары мен тың идеяларын ортаға салып, жасанды түсіктің пайдасы мен зиянын ашып көрсетті.
Барлық қатысушылар жақсы ізденіс, дайындықпен келген, себебі тапсырмаларды жоғары деңгейде алып шықты. Қорытындылай келе, екі команда да жүктілікті жасанды түрде тоқтатуды тек ерекше жағдайларда ғана қолдануға болады деген пікірге келді.
Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Абдыханов және колледж білім алушыларының кәсіподақ төрайымы С.Айткулова белсенділік танытқан білім алушыларға ризашылық білдіріп, сыйлықтар табыстады.