Шымкент қаласының ДСБ
ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК

Білім алушы қыз балалары арасында діни экстремизмнің таралуын алдын алу

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > жаңалықтар > Білім алушы қыз балалары арасында діни экстремизмнің таралуын алдын алу

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетінің тапсырмасы аясында, «Қазақстандық қоғамның дәстүрлі, мәдени және отбасылық құндылықтарын нығайтуға бағытталған діни ағартушылық жұмысты ұйымдастыру, сонымен қатар халықтың әйел діндарлары арасында діни экстремизмнің таралуын алдын алу» жобасы бойынша 25 мамыр күні колледждің білім алушы қыз балаларымен кездесу өткізілді. Кездесуге Шымкент қаласы дін істері басқармасының «Теологиялық оңалту және психологиялық қолдау» бөлімінің басшысы Г.Шетенова мен «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениет университетінің PhD профессоры, исламтанушы Ш.Әділбаева қатысты.

Кездесу барысында Гүлмира Бектайқызы мен Шамшат Амангелдіқызы білім алушыларға теріс ағымдағы діни секталар, олардың кереғар іс-әректтері туралы мәлімет берді. Қазақстанда сунниттік исламдағы төрт канондық құқықтық мектептің бірі – Ханафи мазхабы дәстүрлі болып табылатыны туралы айтып өтті.

Кездесу соңында Г.Шетенова мен Ш.Әділбаева білім алушылардың сұрақтарына жауап берді.