2022 жылдың 13-14 желтоқсанында Республикалық жоғары медицина колледжі базасында Қазақстан медициналық жоғары колледждерінің техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында денсаулық сақтау саласы «Лабораториялық диагностика» мамандығы бойынша кәсіби Республикалық конкурсы өтті.
Сайысқа Шымкент қаласының атынан колледжіміздің клиникалық зертханалық зерттеу әдістері пәнінің оқытушысы Дауренбекова Жанат Ибадуллақызы қатысты.
Сайыс барысында оқытушымыз конкурстың теориялық және практикалық кезеңінде кәсіби шеберлігін көрсетіп, жүлделі үшінші орынды иеленді.
Ұлағатты ұстазымызды жеңісімен құттықтай отырып, зор денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз!