2023 жылғы 27 қараша күні апталықтың ашылуы білім алушыларға химия және биология пәндеріне деген қызығушылығын арттыру мақсатында әртүрлі қызықты сұрақтар қойылып, сұрақтарға дұрыс жауап берген білім алушылар мен колледж қызметкерлеріне медициналық бетперделер мен дәруменге толы жемістер берілді.
Апталық аясында химия пәнінің оқытушысы Құманғазықызы З. «Химия пәнінің медицинадағы қолданылуы» тақырыбындағы білім алушылары арасында конференциясы өткізді. Конференция барысында білім алушылар биогенді элементтердің адам өміріндегі және медицинадағы маңызыдылығы мен қолданылуы туралы баяндамалар жасап, алған теориялық білімдерін ғылыми жұмыстармен көрсетті.
28 қараша күні оқытушы А.Поштаеваның ұйымдастыруымен «Инновациялық білім технологияларын пайдалану – білім сапасын арттырудың негізі» тақырыбында оқытушылар арасындағы тәжірибе алмасу мақсатында Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің химия және биология пәндерінің оқытушылары А.С.Сарсенбаева және Б.А.Тукебаева«Сандық білім беру ортасы: оқытушыларға арналған жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар барысында ақпараттық технологияның түрлері: Padlet.сom топтық жұмысқа арналған платформа, jamboard қосымшаларында, Google.word.doc бір мезетте документ толтыру, жеке тапсырма орындау, Quizzing.com викториналық сұрақтар, білім алушыларды бір мезетте бағалау платформасымен жұмыс жасау, виртуальды лабораториялык жұмыстар түрлерін жасау жолдарын жаңа технологиялық әдістердің түрлерімен тиімділігін көрсетті.
29 қараша күні оқытушы А.Имамадиева «Адамдардағы паразиттік аурулар және оларды алдын алу шаралары» тақырыбында «Педиатрия» және «Гигиена және эпидемиология» пәндерінің оқытушылары А.Қоңырбекова және З.Сыдығалиеваның қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында білім алушыларға паразиттердің адам ағзасына түсуінің негізгі жолы жеке бас гигиенасын сақтамау және жылдам дайындалатын тағамдар екенін ескерте отырып, салауатты өмір салтын сақтауға шақырды.
Арнайы пән оқытушылары білім алушыларға алдын алу шаралары мен белгілері туралы ақпараттар берді.
30 қараша күні оқытушылар Ш.Избасарова және Ш.Жолдасова «Фармация» мамандығының 1 курс білім алушылары арасында «Химия ғажайыптары» тақырыбында мастер класс өткізді. Іс-шара барысында білім алушылар дәрілік препараттардың химиялық қасиеттерін тәжірибе жүзінде көрсетіп, олардың химиялық формулаларын, реакцияларын жазып және фармациядағы маңызын айтып өтті.
01 желтоқсан күні З.Султан «Гигиена және эпидемиология» мамандығының білім алушыларымен «Қазақстанның экологиялық мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында білім алушылармен Қазақстандағы экологиялық проблемалар мен оларды шешу шаралары талқыланды.