2023-2025 жылдарға арналған ішкі еңбек және білім беру тәртібінің ережелері
1. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының шеңберіндегі білімге және қосымша, соның ішінде ақылы білім беру қызметтерін алуға;
2. Формасы бойынша білім алуды бос уақытында кез-келген ұйымдастырушылық-құқықтық формасындағы кәсіпорындардағы, ұйымдардағы, мекемелердегі жұмыспен қатар алып жүруге;
3. Колледж білім алушыларына қатысты маңызды деген мәселелерді талқылауына және шешуіне қатысуға, соның ішінде қоғамдық ұйымдар және оқу орнының басқару органдары арқылы;
4. Колледждің кітапханасы, оқу-әдістемелік және басқа да құрылымдық бөлімшелерінің қызметін тегін пайдалануға;
5. Оқудағы жетістіктері мен колледждің қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін рухани және материалдық ынталандыруға;
6. Заңнамаларда белгіленген тәртіпте әкімшіліктің бұйрықтарына және үкімдеріне шағымдануға;
7. Өз өтінішіне жазбаша негіздеме беріп, әкімшілікке сынып жетекшісін (кураторды) және оқытушыны ауыстыру өтінішімен жүгінуге;
8. Колледждің қоғамдық өміріне қатысуға, ЖІЖК-не (жастар ісі жөніндегі комитетке) сайлануға. Комитет білім алушылардың тәртіпті бұзуы, үлгеріміне қатысты мәселелерді қарастырып, білім алушыларды колледж қабырғасынан шығаруға дейін жеткізу туралы өз ұсыныстарын әкімшілікке ұсынуға, колледж студенттерінен колледж оқытушылары тарапынан оқу үрдісінің нормаларын бұзуы туралы өтініштерді қабылдап, сәйкесінше әрекет етуге құқылы;
9. Мемлекеттік тапсырыс бойынша басқа қалалардан, қала сыртынан оқуға түскен 1-курс білім алушылары жатақханадағы орындармен қамтамасыз етіледі (ең алдымен жетім, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан және шатқал аудандардан шыққан студенттер).
1. Таңдаған кәсібінде теориялық және кәсіби білімдерді, практикалық дағдыларды және біліктерін жүйелі және терең меңгеруге;
2. Мемлекеттік тілді жетік меңгеріп, республика халықтарының мәдениетіне, және дәстүрлеріне, салтына қызығушылық танытып, құрмет білдіруге;
3. Өзінің мәдени және кәсіби деңгейін көтеру бойынша жұмысты ұдайы жүргізіп отыруға;
4. Міндетті теориялық және практикалық сабақтарға қатысуға;
5. Оқу жоспарларымен және бағдарламаларымен белгіленген мерзімдерде тапсырмаларды орындауға;
6. Өз бойында еңбекқорлықты тәрбиелеуге, қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға, колледжде өз-өзіне қызмет көрсетілуін қамтамасыз етуге;
7. Шылым тартуға және спирттік ішімдіктерді ішуге қатаң тыйым салынады;
8. Колледжде де, көшеде де, қоғамдық орындарда да тәртібін және ұйымдастырушылығын танытуға, берілген тапсырмаларға шығармашылық көзқараспен келуге;
9. Колледж меншігін сақтап, нығайтуға;
10. Мектеп оқушыларымен өткізілетін кәсіби бағдар беру ісіне және білім беру мекемесінің тұрғындар арасында өткізіп отырған қоғамдық іс-шараларына қатысуға.
11. Дәрісханаға колледж оқытушылары, басшылары кірген кезінде, білім алушылар олармен орнынан тұрып сәлемдеседі.
12. Сабақтар барысында білім алушылар оқытушының түсіндіруін және жолдастарының жауаптарын мұқияттылықпен, сөйлеспей, бөгде тірліктермен шұғылданбай тыңдауға, оқытушының барлық тапсырмаларын орындауға міндетті.
13. Қойылған сұрақтарға жауап бергенде орнынан тұрып, тек оқытушының рұқсатымен отыруға.
14. Зертханалардағы, клиникалардағы, кабинеттердегі сабақтар барысында және өндірістік тәжірибе кезінде білім алушылар оқытушымен сабақа арналған аспаптармен, құрлғыларымен және басқа да қондырғыларын қолданып, оларды ұқыпты пайдаланып, қауіпсіздік техникасы бойынша ережелерді ұстануы тиіс. Білім алушыларға әкімшілік тарапынан рұқсат алмай, зертханадан, оқу және басқа да орын-жайларынан бұйымдарды және түрлі жабдықтарды шығаруға тыйым салынады.
15. Ауырған немесе өзге себептермен сабаққа келмеген жағдайда, студент бір күн ішінде кураторды хабардар етуі тиіс. Ауырған жағдайында, білім алушы кураторға амбулаториялық дәрігердің немесе емдік мекеменің белгіленген формасында берілген анықтамасын ұсынады.
16. Әр оқу тобында колледж директорының бұйрығымен анағұрлым үздік оқитын, тәртіпті және ұқыпты студенттердің қатарынан оқу жылына староста тағайындалады. Староста куратордың басшылығымен жұмыс жасап, өз тобында оның барлық ұйғарымдарын және үкімдерін іске асырады.
17. Старостаның міндеттеріне енеді: топтағы тәртіпті қадағалау, колледждің оқу бөліміне білім алушының сабаққа келмеуі немесе кешігуі туралы ақпаратты оның себебін көрсетумен ұсыну, оқу жабдығы мен мүліктердің сақталуын қадағалау, білім алушыларды оқу кестесіне енетін өзгертулер туралы хабардар ету, оқулықтар мен оқу құралдарының дер кезінде алынып, топ білім алушылары арасында үйлестіру.
18. Старостаның аталған функциялар шегіндегі ұйғарымдары топ білім алушылары барлығы үшін міндетті.
19. Староста сабақтың өткен әр күніне кезекшілік кестесіне сәйкес топ бойынша кезекшіні тағайындайды.
20. Топ бойынша кезекшінің міндеттері: оқу орын-жайындағы тазалықты, тәртіпті және колледж мүлігінің сақталуың қадағалау, сабақтың басталуына қажетті қосымша материалдардың болуын қамтамасыз ету (бор, көрнекілік, плакаттар және т.б.)
Қазақстан, Шымкент қаласы,
Желтоқсан көшесі, 22 / Жылқышиев көшесі, 43
Телефон : +7-7252-53-09-10
Email : info@shmk.kz
Дүйсенбі – Жұма 9:00 – 18:00