Колледж басшылығы басты стратегиялық мақсатқа қол жеткізу үшін қажетті жағдай жасауды, осы сапа саласындағы саясатты барлық қызметкерлердің назарына жеткізуді, түсіндіру мен жүзеге асыруды өз міндетіне алады. Сапа саласындағы осы саясатты жүзеге асыру колледж ұжымының әрбір мүшесінің міндеті мен ар-ожданы болып табылады.
Жоғары медицина колледжі орта технкалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі салада білім беру қызметін және жұмыс жасап жүрген мамандардың біліктілігін арттыру жөніндегі қосымша білім беру қызметін жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының орта кәсіптік және орта білімнен кейінгі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сай орта медициналық және фармацевтикалық мамандар дайындау.
Мемлекеттің, қоғамның, денсаулық сақтаудың заманауи жүйесінің талаптарын қанағаттандыра алатын және ұдайы өзгеріп отыратын нарықтық орта жағдайында өзін жеке тұлға және кәсіби маман ретінде көрсете алатын, тәжірибеге бағытталған білімі бар, жоғары білікті мамандарды дайындау.