Шымкент қаласының ДСБ
ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК

Студенттік фестиваль

Шымкент қаласы  әкімінің бекіткен «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған «Жұлдызды 30 күн» іс-жоспарына сәйкес 17 қараша күні «Білімді жастар – Қазақстанның болашағы» тақырыбында қалалық мемлекеттік колледждерінің қатысуымен «Студенттік фестивалі» өтті. Фестивальде әр оқу орны «Мамандығым мақтанышым» атты көрме ұйымдастырды. Колледждердің «Студенттік парламенттері»,  «Достық клубтары», «Ашық ой» дебаттық клубтарының мүшелері іс-шараға белсенді қатысып, өз жұмыстарын секциялар бойынша жалғастырды.

Фестиваль концерттік бағдарламамен аяқталды.